Астанада адамдар тұрған аялдамаға соғылған жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Астанада аялдамаға соғылған көлік жүргізуші қамауға алынды
2,211
оқылды

«29 қыркүйекте Астанада болған жол-көлік оқиғасына қатысты, Mazda 6 көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, А.Байтұрсынов көшесінде адамдар тұрған аялдамаға соғылды.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау абақтысына қамалды, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген полиция мәліметінде.

Еске салайық, оқиға 29 қыркүйек күні сағат 08.31-де болды. Mеrcedes-Benz көлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан Mazda көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан Mazda жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылды.

Салдарынан 8 адам ауруханаға жеткізілді.