Президенттің биылғы Жолдауы салықтың рөлін күрт арттырды. Ол әлеуметтік, экономикалық, тіпті сая­­си жаңғыруларға серпін беретін тетікке ай­нал­мақ, жаңа реформаларды жүзеге асырудың пәрменді бір құралы болады.
Әділетті ел әділ салықтан басталады
874
оқылды

Айталық, салық саласы арқылы мемлекет пен биз­нес арасында диалог орнатылады. Қазақстанды Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталық ету де салық ар­қылы жүзеге асырылады. Инвестор тарту, өңдеу ин­дус­триясын дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру және бас­қа да толып жатқан сан-салалы шаралар салыққа сүйен­бек. 

Дегенмен, салықтық өзгерістерде са­ли­қалылық пен сарабдалдық қажет. Әйт­песе, асығыс-үсігіс, үстірт жасалған ре­фор­ма отандық бизнесті жарға жығып, құр­тып тынуы мүмкін. Сондықтан қазақ­стан­дық кәсіпкерлер қауымдастығы қазір­ден дабыл қаға бастады. 

Алдымен, президенттік бастамаларға тоқ­талсақ. Біріншіден, Қазақстан шетелдің жә­не еліміздің инвесторларын бірден 3 жыл­ға салықтан және басқа міндетті тө­лем­дерден босататын болды. Бұл игілікті пай­далану үшін инвестор өңдеу өнеркәсі­бі­не қаржысын салғаны жөн. Қ.Тоқаевтың бай­ламынша, бұл – өңдеу индустриясына ай­тарлықтай серпін беруге арналған өте маңыз­ды шара.

Екіншіден, Үкімет салық саясатын қай­­та қа­рап, ауылдағы жұртты өнім өң­деу­ге ын­та­ландыруы тиіс. Қазақстанның ай­на­ла­сын­да өнім өткізетін үлкен нарықтар бар. Он­да сапалы азық-түлік тапшы. Сол се­­беп­ті Мемлекет басшысы Қазақстанның жа­ңа стратегиялық мақсатын – Еуразия құр­­лығындағы басты аграрлық орталықтың бі­ріне айналу міндетін қойып отыр. Осы мақ­сатқа қол жеткізу үшін бірінші кезекте өнім­ді жоғары деңгейде өңдеуге көшу ке­рек. Алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өң­дел­ген өнім үлесі 70 пайызға жеткізілетін бол­ды. 

Әйтпесе, мысалы, іргедегі Ресей биыл өз тарихындағы рекордтық егін жинады: тек бидайдың өзі 130 миллион тоннаға же­теді. Ол әлемдік нарықты астыққа қа­рық қылды, өнім құнын құлдыратты. Қа­зақ­стан өз егінін шикізат түрінде сыртқа шы­ғара берсе, ұтылады. Ал одан ұн, мака­рон, қытай кеспесін, протеин ұнтақтары мен өнімдерін, кондитерлік тағамдар жә­не қосылған құны жоғары өзге тауарлар түрін­де өткізсе, кіріске кенеледі.  

Үшіншіден, саяси реформалардың маңызды бір бағыты – билік пен бизнестің ара­сында сындарлы диалог орнату. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі өтпелі кезеңде мем­лекеттік органдардың кемшілікке жол бе­ріп, кейде асыра сілтеп жатқанына назар ау­дартты. Себебі реформаларды ілгерілету үшін көп қаржы керек. Ол бизнестен жи­на­­лады. Салықтан жалтарғандар біршама ауыр жазаланады. Президент салық са­ла­сында заң бұзғандарды қылмыстық жазаға тар­туға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізуді тапсырды. Әйтпесе, та­рап­тардың бірі қит етсе серіктесін жа­за­лауға бейім тұрса, өзара сенімге құрылған диа­лог қайдан болсын? Сондықтан эко­но­ми­калық сипаттағы кейбір заң бұзу әре­кет­терін қылмыс санатынан алып тастау жұ­мысы жалғастырылады. 

Төртіншіден, салық тетігі Қазақстанда де­мократияны дамытуға, соның ішінде ор­талықтың қатаң диктатын жұмсартып, өңірлерге көбірек билік беруге, жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға қызмет ет­пек. Бұл үшін Жолдауға сәйкес, өзге са­лық­­тар, соның ішінде ең бастысы – қо­сыл­ған құн салығы да өңірлерге табыс­та­ла­ды. Сонда бюджеттің екінші деңгейіне, яғ­ни облыстар мен үш мегаполистің бюд­­­жетіне кем дегенде 2 триллион теңге қо­сымша қаражат құйылады.

Сонымен қатар Президент жергілікті бюд­жетке жиналатын салық бойынша кімге қандай жеңілдіктер беру құқығын ай­­мақтардың өзіне беру мәселесін қа­рас­ты­руды жүктеді. Бұл шара аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді деп кү­тіледі. Өз кезегінде барлық әкім бюд­же­та­ралық қатынастардың жаңа үлгісіне кө­шу кезінде салықтық жеңілдіктерді жа­қын-жуықтарына таратып бермей, мем­лекеттік мүдде тұрғысынан қарауы шарт: «оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек».

Ал орталықта, Үкіметке керісінше, бұ­рынғы билік тұсында олигархтарға үлес­тіріл­ген салықтық преференциялардың бір бө­лігін алып қоюға тапсырма берілді. Са­лық жеңілдіктерін беру тәртібі реттеледі. Үкі­мет салық жеңілдігін сын көзбен зер­де­леп, оның көлемін кем дегенде 20% қыс­қартуы қажет. Қалған жеңілдіктер же­келеген жобалар мен тұлғаларға бай­лан­бай, нақты ереже бойынша берілуі керек.

Қандай салықтар қайта қаралады?

Салық саясатына жауапты басты орган, Ұлттық экономика министрлігі прези­дент­тік бастамаларға үстемелете, өз ұсы­ныс­та­рын қосты. 

Бизнесмендерді дүрліктіріп отырған бас­ты ұсынысы – қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты. Бұл салық жөнінен Қазақ­стан­да ең төмен салық ставкасы қолда­ны­ла­ды: 12% ғана. Мысалы, Ресейде, Бе­лару­сь­те, Арменияда – 20%, ал ЭЫДҰ-ға мүше да­мыған елдерде – 27%-ға дейін жетеді. Мұ­ның сыртында республикада бұл салық аз жиналады. Кәсіпкерлер мен ком­па­ния­лар оны төлемеудің түрлі схемаларын, амал­дары мен айналма жолдарын тапқан.  

Нақтыласақ, бизнес нысанын ҚҚС тө­лейтін ретінде есепке қою үшін оның кірі­сі белгілі бір шектен асып түсуі тиіс. Ол шек Қазақстанда посткеңестік елдермен жә­не ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда ең жо­ғары. 2022 жылғы 1 қаңтардан 20 мың АЕК-ті немесе 153,1 мың долларды құрай­ды. Бұл межеден асып кетіп, ҚҚС төлемеу үшін кәсіпкерлер төл бизнесін бөл­шек­тей­ді. Мысалы, бір дүкендер желісінің қа­ла­ның әр бөлігіндегі бөлімшелері жеке ком­па­ния ретінде тіркеледі.

Осы орайда бас экономистің коман­да­сы қосылған құн салығының ставкасын 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді, ал оның жо­ғарғы шегін, керісінше, түсіруді ұсынып отыр. 

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қа­зақстанда ҚҚС ставкасы 28%-ды құ­ра­ды. Жылдар өткен сайын ол төмендеді. Мұн­дағы мақсат – тауарлардың, қызмет­тер­дің «көлеңкелі» айналымын қысқарту, сөй­тіп, салық жиналатын базаны арттыру бо­латын. Ол сенім ақталмады. Әлемдік тә­­­­жірибеде тек әлеуметтік маңызы бар жә­не «сезімтал» тауарлар өндірісі үшін ғана са­раланған, жеңілдікті ставкалар қол­да­ны­ла­ды», – деп түсіндірді Ұлттық экономика ми­нистрлігі.

Ведомство корпоративтік табыс салы­ғы­ның (КТС) ставкасын да көтеруге ниет­ті. Министрлік мамандарының айтуынша, Қа­зақстанда табысқа салық салудың бә­рі­не бірдей, жалпақ шкаласы қолданылады. Мәселен, КТС-тің жалпы ставкасы – 20%. 

Министрлік мамандары табыс­тылы­ғына қарай әр саладан әртүрлі КТС жи­налуы керек деген ұстанымда. Яғни,  эко­но­мика салаларына байланысты салық став­каларын сараламақ. Сонда эко­но­ми­каның кейбір секторлары, мысалы, қаржы сек­торы (банктер мен микроқаржы ұйым­дары), ойын бизнесі (казино мен бук­ме­кер­лік кеңселер), жер қойнауын пай­да­лану­шылар (олигархиялық топтар) қара­пайым гүл салонымен бірдей мөлшерлемеде салық төлемейді. Олардың табыстылық-рен­табельділігі жоғары болғандықтан, жи­налатын КТС ставкасы да жоғары бол­ғаны жөн. 

Сонымен бірге, бизнес бұл салықтан да жалтарудың тәсілін тапты. Салдарынан, ми­нистрліктің мәліметінше, негізгі став­ка­сы 20% болғанымен, соңғы жылдары КТС-тің тиімді ставкасы 2,9–3,8% ара­лы­ғын ғана құрады. Бұлай төмендеуіне ком­па­ниялардың елде шектен тыс көп құ­рыл­ған арнайы экономикалық аймақтарда, Ас­тана хаб сияқты технопарктерде тір­ке­ліп, салықтан босатылуы кері әсер етіпті. Сон­дай-ақ инвестициялық контрактілер бойынша экономиканың басымдыққа ие сек­торлары, лизинг, білім беру, медицина және қызметтің өзге де жекелеген түрлері са­лықтық жеңілдіктерді қолданады.  

Салдарынан, қаржы министрі Ерұлан Жа­маубаевтың айтуынша, биылғы 8 айдың қо­рытындысында республикалық бюджет­ке небары 8,3 трлн теңге түсіп, жоспар 89%-ға ғана орындалды. Яғни, сарапшы­лар­дың пікірінше, қолға алынған рефор­ма­ның басты бір мақсаты – бюджетке тү­сетін салықты арттыру болса керек.

Азаматтардың 900-дей жеке ұшағы бар

Үкімет осы реформа аясында бұрыннан жыр болған «салтанат салығын» енгізуге тырыспақ. Бұл салық мысалы, удай қымбат ішім­діктерге де салынуы мүмкін. Мәселен, кейбір тойда бір шишасы 8 миллион теңге тұратын шарап құйылғанын әлеужелідегі жұрт аузынан суы құри әңгімелеп жүр. Тиіс­ті видеоайғақтар да бар. 

Ұлттық экономика министрлігі мұны рас­тады. 

«Халықтың бай бөлігі халықаралық тә­жірибеге сәйкес сәнді тауарларға жоғары салық төлеуі керек. Атап айтқанда, елімізге биыл 0,70 литрлік бөтелкесі 5 млн 995 мың теңге тұратын MACALLAN 50YO вискиі, 4 225 131 теңге сомасына Cognac Remy Mar­tin Louis XIII коньягі, бір шөлмегі 888 929 теңгеге бағаланатын Сhateau Petrus ша­рабы әкелінді. Сондай-ақ, шетелден 15 да­на­сының құны 143 100 теңге болатын Cohiba сигаралары, 40 данасының бағасы 120 000 теңгені құрайтын Don Antonio Churchills сигаралары тасылды. Қазақ­стан­дықтардың меншігінде салтанатты ях­та­лар, жеке ұшақтар бар. Мысалы, Қазақстан аза­маттарының меншігінде 490 яхта, ком­па­нияларының меншігінде 176 яхта, жеке тұлғалардың меншігінде 248 ұшақ, заңды тұлғалардың меншігінде 665 ұшақ бар», – деді Ұлттық экономика министрлігінің мамандары.

Олар қарапайым қазақстандықтармен бірдей ставкада ғана жеке табыс салығын тө­лей салады. Мемлекеттің байлықтан ықылық атқан олигархтан тиынын тиынға жалғаған пошташымен бірдей мөлшерде салық жинауы әділдік пе?

Жаңа Салық кодексі тек 2025 жылы кү­шіне енеді деп жоспарланған. Бірақ онда ҚҚС және басқа салықтардың артуы мүм­кін­дігіне бизнесмендер қазірден алаң­дай бас­тады. Бизнес әрине, салықтың оффшор­лардағыдай неғұрлым аз болғанын қалайды. Сондықтан әлемдегі ең аз ҚҚС ставкасын көтеруге негіз жоқ дейді. Олардың ортақ пі­кі­рін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы­ның басшысы білдірді.

«Бізге Үкімет ставканы көтеруге түрткі бол­ған дәйектер мен негіздерді дұрыстап ұсын­сын. Қазіргі аналитикасы аздық етеді. Бұл ҚҚС не үшін көтеріліп жатқанын тү­сіну үшін керек. Алдын ала есептеуіміз бойын­ша ҚҚС ставкасын көтеру инф­ля­ция­ға соқтырады, сондай-ақ нақты мәнде ЖІӨ-нің өсу қарқынын жылына 1%-ға тө­мендетеді. Бұл жайт Мемлекет басшысы­ның ұлттық экономика көлемін екі есе ұл­ғайту туралы тапсырмасын орындауға қауіп төндіреді. Кәсіпкерлердің басым бө­лігі ҚҚС мөлшерлемесін көтеруге қарсы», – деді «Атамекен» ҰКП басшысы Райым­бек Баталов.

Әйткенмен, неге ставканы жоғарылату осын­дай ауыр салдарларға соқтыратынын ұлт­тық палатаның өзі де егжей-тегжейлі тү­сіндіріп, сараптамасын ұсынбады.

Салық саласының маманы, Angels Niko Advisory консалтинг компаниясының бас­шысы Вера Капацина ҚҚС және басқа са­лықтарды арттыру тауарлардың қым­бат­тауына түрткі болады деп отыр. Сондықтан жаңа Салық кодексі мен салық реформасы ай­наласында қызу, қызылкеңірден айтыс-тар­тыс тек өрби беретін түрі бар.

Елдос СЕНБАЙ