Өткен аптада АҚШ президенті Джо Байден «С5+1» форматында алғаш рет Орталық Азия мемлекеттерінің президенттерімен кездесу өткізген болатын.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Байденнің Орталық Азияға сапары жөнінде айтты
996
оқылды

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм БАҚ-пен өткізген дөңгелек үстел отырысында АҚШ президенті Джо Байденнің Орталық Азияға сапары туралы сұрақтарға жауап берді.

«Орталық Азия елдерінің Тәуелсіздік алғанына 30 жылдан асты, бірақ бірде-бір АҚШ көшбасшысы бұл аймаққа келмеді. Алдағы уақытта мұндай жоспар бар ма?», – деп сұрады тілшілер.

Ал АҚШ елшісі дәл қазір нақты мәлімдеме жасай алмайтынын айтты.

«Мұндай ықтималдық бар екенін айтқым келеді. АҚШ-тың жоғары билігі тарапынан Қазақстанға және Орталық Азияға үлкен қызығушылық байқалып отыр. Сондықтан, президент сапары бойынша ықтималдық бар», – деп жауап берді Дэниел Розенблюм.