Дәрігерлер Қазақстанда коронавирустың "Пирола" атты жаңа штамы тарауы мүмкін екенін айтып дабыл қақты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Тұмау сияқты: Қазақстандық дәрігерлер коронавирустың жаңа штамы туралы айтты
674
оқылды

Әзірге елде ресми тіркелмесе де, мутацияға ұшыраған ковидті тұмаудан ажырату қиын екен.

Белгілері: дене қызуының көтеріледі, тамақ қабынады, әлсіздік . "Пирола" АҚШ, Канада, Таиланд секілді әлемнің оннан астам еліне тарап үлгерді. Дәрігерлер бұл бұрынғы штамдарға қарағанда тез жұғады дейді.

Жыл басынан бері Қазақстанда 11 мыңнан астам азамат коронавирусқа шалдыққан. Соңғы аптадағы осы індетті 129 адамның жұқтырған. "Пирола" штамы бірінші кезекте шетелден қыдырып келген отандастарымыздан жұғуы мүмкін. Дегенмен әзірге аталмыш штамм елде ресми тіркелген жоқ.

“Біздің қолымызда әзірге ресми дерек жоқ. Тамыз айының соңы, қыркүйек коронавирустың өрши түсетін айы. Осы кезеңде оқу басталды. Шетелге ұшу жиіледі. Сондықтан негізгі қауіп "Пирола" анықталған елдерде. Тұмаумен белгісі ұқсас болғандықтан, оны айыру қиын. Сақтық шарасына көңіл бөлу керек. Қолды үнемі жуып, қоғамдық жерде бетпердемен жүруге кеңес береміз”, – деді медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева.