Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақмола облысында ер адам жұмыс орнында қайтыс болды
1,242
оқылды

Ақмола облысында ер адам жұмыс орнында қайтыс болды, – деп хабарлады polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 қыркүйекте сағат 14:15-те Степногорск қаласының ПБ-ға жедел жәрдем станциясы фельдшерінен кәсіпорында жұмыс істейтін ер адамның қаза тапқаны туралы телефон хабарламасы түскен.

"Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы кәсіпорын аумағындағы Заводская кентінде электр жөндеу жұмыстары барысында Ақкөл қаласының 35 жастағы жұмысшысы қайтыс болғанын анықтады. Ер адам бетон тірекпен бірге биіктен құлап қайтыс болды", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 156-3-бабы («Еңбекті қорғау ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.