Ұлттық банк доллар бағамын белгіледі.
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
1,812
оқылды

Ұлттық банктің 27 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы бойынша 1 доллар 476, 89 теңге болды.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 476-480 теңгеден сатылып жатыр.

26 қыркүйек кешке өткен сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 3,06 теңгеге қымбаттап, 477,05 теңге болған.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада 1 доллар 476 – 480 теңгеден ұсынылуда. Ал Алматыда аталған валюта 476,5 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің Ресей рубліне белгілеген орташа сараланған бағамы – 4,95 теңге. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,79 – 4, 93 теңге, Астанада 4,85 – 5,02 теңгеден сатылып жатыр.