Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шалғай ауыл­дардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсыр­ма­сы­на сәйкес «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы­ның қоғамдық қабылдау бөлімі Арыс қаласының Ақдала және Мон­тай­тас елді мекенінде мобильді қабылдау ұйымдастырды.
Қоғамдық қабылдау: арыстықтар мәселесін жеткізді
603
оқылды

«AMANAT» партиясы жанындағы  Қоғамдық қабылдау бө­лім­де­рі­нің басты бағыты жекелеген аза­мат­тар­дың өті­ніш­терін атқарушы билік өкіл­де­рін­дегі тиісті са­ла басшылары арқылы ше­­­шімін табуы­на көмектесу болып та­былады. Сон­дықтан партияның Түр­кі­стан облыстық фи­лиалының қоғамдық қа­былдау бөлімі шалғай ауылдардағы тұр­ғындардың өті­ніш-тілегіне барынша то­лық жауап беру үшін көшпелі мобиль­дік топ құрып, елді ме­кендерге жолға шық­ты. 

Мобильдік топты «AMANAT» пар­тия­­сының Түркістан облыстық фи­лиа­лы­ның төрағасы, облыстық мәслихат де­путаты, фракция жетекшісі Алтынсары Үм­бетәлиев бастап барды. Сонымен бір­ге, Арыс қаласынан сайланған депутат Ер­жан Қосмамбетов және облыстық про­­­куратура, облыстық полиция, об­лыс­тық төтенше жағдайлар департаменті, жер ресурстарын басқару және әділет де­­­партаменті, жер қатынастары, ауыл шаруа­шылығы, жұмыспен қамтуды үй­лес­тіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы мен білім басқармасының бас­шылық құрамы тұрғындармен кез­дес­ті. Одан бөлек, мобильдік топтың құра­мын­да Түркістан облысының қоғамдық ден­саулық басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жо­лаушылар көлігі және автомобиль жол­дары, құрылыс, кәсіпкерлік және өнер­кәсіп басқармасынан, адвокаттар ал­қасынан өкілдер, заң консультанттары мен Арыс қаласының әкімінің орын­ба­сары және құрылымдық бөлімдерінің бас­шылары, қалалық мәслихат депу­тат­тары болды. 

Түске дейін Ақдала, түстен кейін Мон­тайтас ауылындағы Қоғамдық қа­был­дауға тұрғындар өте көп жиналды. Қа­былдауға келгендердің басым бөлігі инф­рақұрылым, ауылшаруашылық, ин­тернет желісі, асфальт төсеу мәселелерін алға тартты. Ойын, спорт алаңшаларын салу жөніндегі сұрақтарын да қойды. Жер­гілікті халықтың толғандырған мә­селелерінің қатарында елді мекеннің өзек­ті проблемасына айналған Қызыл­кө­пір елді мекеніндегі фельдшерлік-аку­шер­лік пункті күрделі жөндеу, Дермене ауы­лының ішінен өтетін облыстық маңы­зы бар 1,8 шақырым жолды яғни Ш.Уә­ли­ханов көшесін асфальттау жайы да бар. Жалпы қабылдау кезінде Ақдала ауы­лынан 47 тұрғын бірнеше мәселе бойынша өті­ніш білдірсе, Монтайтас елді мекеніндегі қа­былдауға кірген 30-дан аса азамат ша­ғымдары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға сал­ды. 

Тұрғындар жолдаған сұрақтарға м­о­бильдік топтағы жауапты сала мүшесі әр­бір өтініш-шағымға тиянақты, жан-жақ­ты жауап беріп, бірқатар мәселенің сол сәтте шешімін табуына ықпал етті. 

Ал қаралуды талап ететін өтініштер хат­тамаға түсірілді. Алтынсары Дүй­сен­бекұлы осынау мәселелердің оң шешімін та­буына дейін бақылауда ұстайтын жет­кіз­ді. Айта кетейік, Түркістан облысы бойын­ша жыл басынан бері партия фи­лиалының қоғамдық қабылдау бөлмелері шал­ғай елді мекендерге 92 көшпелі мо­биль­ді қоғамдық қабылдау өткізіп, 600-ден астам тұрғынның өтінішін қараған. 

Назгүл НАЗАРБЕК.

Түркістан облысы