БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтарға алдағы уақытта 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл еңбек өтілі болу керек деген ақпарат тарады.
Еңбек министрлігі арнайы әлеуметтік төлемдер туралы желідегі ақпараттың рас-өтірігін айтты
633
оқылды

Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды.

Министрліктің мәліметінше, 22 қыркүйекте Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың 55 жастап бастап зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша журналистердің сауалына берген жауабы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр.

БАҚ-та жарияланған ақпарат бойынша "Зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін өтілі 7 жылдан кем болмау керек" деп көрсетілген.

"Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылуда. Бүгінгі күні мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді министрлік.