Ғалымдар ковидтен ұзақ уақыт зардап шеккендердің үштен бірінде ауруханадан шыққаннан бірнеше ай өткен соң ішкі органдардың жұмысындағы бұзылуларды анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат бұл туралы ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.
МРТ ковидпен ұзақ ауырған науқастың ішкі органы бұзылатынын көрсетті
573
оқылды

Ғалымдар алғаш рет вирус жұқтырғаннан кейін ұзақ уақыт аурудан арыла алмаған науқастардың МРТ қорытындыларын зерттеді.

Зерттеу нәтижесі ковидпен ұзақ ауырғандарда ауырмағандар тобымен салыстырғанда өкпе, ми және бүйрек зақымдануы үш есе жоғары екенін көрсетті.

Өкпенің зақымдануы ковидпен ұзақ уақыт ауырған науқастар арасында шамамен 14 есе жиі кездеседі, ал бүйрек пен мидың ауытқуы сәйкесінше үш және екі есе жоғары болды.

Көптеген органдардың зақымдану дәрежесі инфекцияның ауырлығына, жасына және басқа аурулардың болуына байланысты.