Әлеуметтік желідегі елордадағы мешіттің Мәдениет және спорт министрі Аида Балаеваның анасының есімімен аталатыны туралы ақпарат тараған болатын.
Астанадағы мешіт Аида Балаеваның анасының атымен атала ма?
3,178
оқылды

Бұл мәселеге қатысты министрдің өзі жауап берді. Ол әлеуметтік желіде «Астанадағы мешіттердің бірі анамның атымен аталады немесе оның құрметіне салынды» деген ақпарат тарағанын, оның ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Тағы бір атап өтетін жайт, Рахымқызы Раиса ана мешітінің немесе Қазақстандағы одан басқа жерлердегі мешіттердің құрылысына да, атауына да біздің отбасымыздың еш қатысы жоқ. Арандатушылыққа бой алдырмауды және жалған ақпарат таратпауды сұраймыз»,  дейді ол.