Елімізде бедеулік диагнозы қойылған 20 мың әйел мен 4 мың ер адам есепте тұр.
Бедеулік ажырасуға себеп пе?
784
оқылды

Әрі мұндай азаматтардың саны жылдан-жылға көбеймесе, азаймай тұр. ДДСҰ-ның дерегінше, еліміз белсіздік пен бедеуліктің белең алуынан кейбір Еуропа елдері мен АҚШ-тың өзін басып озған. 

Әрбір алтыншы жұп бала сүйе алмай жүр

Статистика бойынша 2000 жыл­­дары еліміздегі бе­деу­ліктің көр­сеткіші 8-10% ара­лы­ғын­­да бол­са, қазір 16-17%-ға жет­­­кен. Бе­деу­лік салдарынан кейде отба­сы­ның шаңы­рағы бұ­зы­лады. Бұл мә­селе көп­теген ерлі-зайыптылар­дың ажы­­­расуына бас­ты себеп бо­лып отыр. Дәрігер­лер­дің ай­туын­ша, «бе­деуліктің не­гізгі се­беп­тері жы­ныс­тық жол­мен бері­ле­тін инфек­ция, жатыр­дың өс­пеуі, аналық без­дің ұрықты дұрыс шығармауы, тү­тікшелердің бітеліп қалуы» екен.

– Егер отбасы бір жылдың ішін­­де жүкті болмаса, ол кезде ме­дицина қызметкерлері бедеулік де­ген диагноз қояды. Оның бір­не­ше себептері бар. Бедеулік әсіресе әйел­дерде жиі кездеседі. Өйткені бала көтере алмауы –  тікелей жатыр түтікшелерінің жұмысына бай­ланысты. Табиғатта аналық жә­не аталық ұрық жатыр түтікше­нің ішінде кездеседі. Ол әрі қарай ұрыққа түсіп, жүктілік береді. Егер жа­тыр түтікше  дұрыс қызмет ат­қар­маса немесе бітеліп қалса,  ол кез­де табиғи жолмен бала көтеру қиын болады, – дейді репродук­толог Ислам Ерғалиев. 

Психолог мамандар «әйел адамның психологиясы да бедеулікке әсер етеді» дейді. Яғни, реніш, ыза сезімдерін жеңе алмаған жағ­дайда денсаулыққа тікелей ықпал етеді деп тұжырым­дайды. Сол се­бептен бедеулікке тап болған әйел­дің психологпен жұмыс істеуі де маңызды дүние. 

– Психоаналитикалық прак­ти­каға сүйенетін болсақ, сәби аң­сап жүрген әйелдер психолог­тың көмегіне жүгінуі керек, себебі әйел адам өз бейсанасындағы шие­леністердің шырмауында қа­лып қояды. Әйелдің бала көтеру мүмкіндігіне физиологиясы мен психологиясы да қатты әсер етеді. Яғни, өз ата-анасымен қарым-қа­тынасындағы шешілмеген қақ­ты­ғыстар, атап айтсақ, психоанализ тілінде бейсаналы идентифика­ция, ана болуды құнсыздандыру, өк­пе, реніш сияқты сезімдер жа­та­ды. Бедеулік әйелдің жанына ауыр стресс. Стресс кезінде про­лак­тин гормоны жоғарылап, овуля­ция тежеледі. Психологтың не­гізгі жұмысы – әйелдегі қай­ғы­ны  басынан өткеруге көмектесіп, әйелдегі стрессті азайту, – дейді  психолог Балжан Сайдахметова.

Сәби сүюдің бір жолы – ЭКҰ

Бала сүйе алмай жүрген отба­сы­лар экстракорпоралды ұрық­тан­­дыру әдісіне жүгінеді. Яғни, өздігінен жүкті болуға денсаулығы жа­рамайтын әйелдерге қолданы­ла­тын репродуктивті технология. Еліміздегі бұл технология тарихы ХХ ғасырдың 90-шы жылдардан бас­тау алады. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы алғашқы сәби Қазақстанда 1996 жылы дүниеге келген. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша бүгінге дейін елімізде экстракорпоралды ұрықтандыру әдісі арқылы 22 мыңнан астам сәби дүниеге келген екен. Бірақ ЭКҰ әдісінің бағасы тым қымбат. Дегенмен де бұның да шешімі бар, ол – квота. ЭКҰ бағдарламасы бойын­ша елімізде 2010 жылдан бас­тап квота бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тегін ЭКҰ жасатуға 7000 квота бөлінді. 2021 жы­лы квотаның саны бес есе кө­бей­ді: 1,3 мыңнан 7 мыңға дейін. 2022 жылы квота бойынша 6,4 мың қазақстандық отбасы ЭКҰ про­цедурасынан өтті.  Квота бе­деу­лігі бар кез келген әйелге бері­ле бермейді. Денсаулық Сақтау ми­нистрлігі бекіткен талаптарға сай беріледі. Яғни, квотаны алу үшін ерлі-зайыптының екеуі де ҚР а­заматы болуы; міндетті меди­ци­налық әлеуметтік сақтан­дыру­дың (МӘМС) төлемшісі болуға тиіс, жүктілікті жоспарлап, бірақ бір жыл ішінде жүкті бола алмаса, бедеуліктен емделмесе, оның да пай­дасы жоқ. Бұдан бөлек квота­ның қосымша талаптары бар.

– Квотаға ие болу үшін әйел адам­ға үш талап қойылады. Бірін­ші­сі, аналық ұрықтың санын біл­діретін гармондардың саны 1-ден жоғары болу керек, екіншісі, ана­лық ұрықтың сапасының деңгейі 12-ден төмен болуы қажет. Үшінші талап, ультрадыбыстық зерттеудің нә­тижесіне қараймыз. Ал ер адам­ға  бір талап, ол  спеграмма тап­сы­рып, концетрациясы 10 млн-нан жоғары болса, аталық ұрық ең са­палы кластардан көрінсе, квот­мен әрекет жасауға болады, –  дей­ді репродуктолог Ислам Ерға­лиев.

Елімізде жыл сайын жа­сан­ды жолмен ұрықтандыру ар­қылы бала сүйген жандар аз емес. Экодан кейін өзі табиғи жол­­мен көтеріп кетіп жатқандар да бар. Жасанды жолмен бала сүйіп, тағы да бала сүю үшін осы әдіс­­ке барғысы келетіндер де кез­де­седі. 

– Мен 7 жылдай бедеулікпен жүр­дім. Сосын 2021 жылдың ба­сын­да «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасын естіп, арнайы тек­се­рістерден өттім. Нәтижесін­де, жүктіліктің 39 аптасында кеселмен босанып, қызым дүниеге келді. Қы­зым  желтоқсанда 2-ге толады. Егер әлі де табиғи жолмен жүкті­лік­ке мүмкіндік болмаса, квотаға жү­гінеміз, – дейді Гүлшехра Аман­тай. 

Тағы айтып өтетін жайт, кез кел­­ген жұп жасанды жолмен бала сүйе алмауы мүмкін. Себебі ұрық­тың сапасы нашар болса, жасанды ұрық­тандырудың көмектесуі екі­талай. Осы тұрғыда дәрігер оның кезеңдерін айта келе,   бұл әдістің дүкен секілді жай ұрық сатып ала са­латын оңай дүние емес екендігін ескертті.

– Алдымен ерлі-зайыпты тек­се­рілу­ден өтіп, оның нәтижесі жақ­­сы болатын болса, бағдар­ла­ма­ны бастаймыз. Ол бірнеше ке­зең­нен тұрады. Бірнішісі, әйел адам­ға гармоналдық препараттар бе­ре­міз. Басты мақсат – көбірек ұрық алу. Екінші кезең  ер адам өз ұры­ғын тапсырып, барлық аналық ұрықты аталық ұрықпен ұрықтан­дыра­мыз. Ондағы себеп – сапалы эмб­риондар жасау. Сосын оның жар­тысын жатыр қуысына салып, қал­ғанын қатырып сақтап қоя­мыз. Эмбрион салғаннан кейін  кейде әйел адам оның  сапасының тө­мендігіне қатысты көтере ал­мауы мүмкін, – дейді репродук­то­лог Ислам Ерғалиев.

Қорытындылай келе, бедеулік тек екі адамның мәселесі ғана емес, тікелей елдің болашағына ықпал ете­тін әлеуметтік мәселе. Жылына ЭКҰ-ға 7 000 квота бөлінгенімен, тір­кеуде тұрған отбасылардың са­ны өсуде. Тіпті, көмекке жүгінбей жүрген жұптар да аз емес. Енде­ше әлде де бедеуліктің алдын алуға болатын бағдарламаларды көбей­ту қажет. Әрі халыққа бағдарлама­лар­дың үгіт-насихаттарын көбірек жүр­гізген жөн.

Жанель ҚҰТТЫБАЙ

© коллаж: Елдар ҚАБА