Негізсіз төленген қаржы толық көлемде қайтарылды.
СҚО-да орындалмаған жұмыс үшін 87 миллион  теңге төлеген шенеунік жазаланды
1,025
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет пайдасына 87 млн теңге қайтарды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, бюджеттік қаражатты пайдалану саласында жүргізілген талдау барысында мемлекеттік сатып алулар туралы  заңнама талаптарының дөрекі түрде бұзылғаны анықталды.

«Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында сумен қамту объектісінің құрылысы үшін шарт бойынша көлемі 87 млн теңге болған, шын мәнінде орындалмаған жұмыс үшін төлем жасаған», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі және Әдеп бойынша кеңестің ұсыныстары бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтің атына кір келтіргені үшін жұмыстан босатылды, ал негізсіз төленген қаражат толық көлемде қайтарылды.

Объекті құрылысының барысы бақылауға алынды.