Оқиға кеше кешкі сағат 16:00 шамасында "Highvill Astana" тұрғын үй кешенінің С блогында болған.
Астанада күзетші 20-қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды
795
оқылды

Әлеуметтік желіде Астанадағы көпқабатты үйдің терезесінде ілініп тұрған адамның видеосы тарады. Көпқабатты тұрғын үй кешенінің 20-шы қабатында 10 жасар қыз бала ілініп тұрған, оны күзет қызметкері құтқарып қалды. 

Оқыс оқиғаның видеосы astana_brothers Instagram парақшасында пайда болды.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, ол ата-анасының қасында.