Оның сыбайластары қолға түсті.
Шымкентте кісі өлтіріп, көлік ұрлап қашқан ер адам іздестіріліп жатыр
868
оқылды

Шымкентте ауыр қылмыс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр.

 

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, Абай АПБ-ның қызметкерлері 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны  Ерлан Абдуллаевич Тәжібаевті іздестіріп жатыр.

«Ол 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті иемдену үшін таныстарымен алдын ала сөз байласып, Шымкент қаласындағы Темірлан тасжолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты « Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру» бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті.

«Нәтижесінде, сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда  Ерлан Тәжібаевқа қатысты жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді. Қазір  халықаралық іздеу жарияланды», – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса бірден полицияның «102» арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.