Apple-дің жаңа операциялық жүйесі кешеден бері қолжетімді болды. Енді смартфон пернетақтада теріліп жатқан сөздердің ең дұрыс сәйкестері мен сөз тіркестерін ұсынады. Дауыстық хабарламаларды мәтінге аударады.
Смартфонда мәтін теру жеңілдеді
1,238
оқылды

Apple жаңа өнімдерімен бірге операциялық жүйені де жаңалауда. Енді iOS 17 нұсқасын әрбір қолданушы өзінің iPhone телефонына орната алады. Aikyn.kz жаңа нұсқаны орнату мен оның мүмкіндіктерін Apple-дің ресми сайтына сілтеме жасап түсіндіреді.

Фото Apple сайтынан алынды

Операциялық жүйені жаңарту кеше түнде Астана уақыт бойынша 23:00-де таратыла бастады.

Жаңарту үшін Баптау > Жалпы > Бағдарламалық құралды жаңарту тармағына өту керек. Сол жерде iOS 17 орнату терезесі шығады.

Қолданушылар iPhone-ға жаңа нұсқа ешқандай қиындықсыз оңай орнатылатынын айтуда. Смартфонның iOS 17 жүйесінде жұмысы едәуір жылдамдаған, жаңарту оның қуатына, қолданбаларды іске қосу жылдамдығына әсер етпейді.

Қандай iPhone модельдеріне iOS 17 жүйесін орнатуға болады:

iPhone 11-ден бастап iPhone 15-тің барлық нұсқаларына, iPhone XS/XS макс; iPhone XR; iPhone SE (2020) мен iPhone SE (2022) смартфондарына. Ал iPhone X, iPhone 8 және 8 Plus жаңа жүйені қолдамайды.

Фото Apple сайтынан алынды

Енді iOS 17 жүйесіндегі жаңалықтар туралы. Операциялық жүйенің 17-ші нұсқасында екі байланыс қосымшасы айтарлықтай жаңартылды: iMessage және Phone. Қоңырау шалатын әрбір адам үшін экранды өзгертуге болады: фотосуретін қойып, түсін және әріптерді. 

Штаттық мессенджерде геолокациямен бөлісуге болады. Check In функциясын пайдаланып, қолданушы үйіне жеткенін белгілей алады.

iOS 17-нің ең жақсы жаңа мүмкіндігі – NameDrop. iPhone телефонын басқа iPhone немесе Apple Watch жанына қойып, контактілермен алмасуға немесе фотосуреттерді/бейнелерді жылдам жіберуге болады. Жаңа iPhone 15-тің мүмкіндіктері туралы мына видеода

 

Нейрондық желілер Apple пернетақтасында теріліп жатқан сөздердің ең дұрыс сәйкестері мен сөз тіркестерін ұсынады. Сонымен бірге дауыстық хабарламаларды мәтінге аударуға мүмкіндік беретін функция қосылды.

Apple тек смартфондар ғана емес жаңа операциялық жүйені тұтастай өзінің экожүйесіне де шығарады. Сағаттар үшін watchOS 10 нұсқасы, планшеттерге iPadOS 17 нұсқасын және теледидардың қосымшасына tvOS 16 жаңа нұсқаларына дейін жаңарту ұсынылады.