36 жастағы бұрымды боксшы Сабрина Перестің (18-2-1, 2 KO) бапкері әрі күйеуі Диего Арруа жекпе-жекті бақылап тұрған кезінде жүрек талмасынан құлап, кейін көз жұмды.
30 секунд қалғанда WBC чемпиондығы үшін айқас қайғылы аяқталды
42,834
оқылды

36 жастағы бұрымды боксшы Сабрина Перестің (18-2-1, 2 KO) бапкері әрі күйеуі Диего Арруа жекпе-жекті бақылап тұрған кезінде жүрек талмасынан құлап, кейін көз жұмды. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман хабарлады, – деп жазады vesti.kz.

Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кешінде Перес жартылай жеңіл салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы атағы үшін Скай Николсонмен жұдырықтасты. Бұл кездесуде Николсон төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

10 раундты жекпе-жектің аяқталуына 30 секунд қалғанда Арруа ринг жанында есінен танып құлады, мұны Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн бірден байқап қалады. 

Сабрина жекпе-жекті аяқтайды, ал осыдан кейін оған қайғылы хабарды естіртті.

 
 

"Дәрігерлер қолынан келгенін жасады, бірақ ол ауруханада көз жұмды", – деп жазыпты Сулейман әлеуметтік желіде.

Фото: proboxingequipment.com