Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың «Алаяқтық жасайтындардың 80 пайызы «намаз оқиды» деген пікірі қоғамда қызу талқыланды.
Ринат Зайытов атышулы мәлімдемесінің мән-жайын түсіндірді – видео
2,041
оқылды

Осыдан кейін Ринат Зайытов Abay Live Youtube арнасына сұхбат беріп, айтқан сөзінің мәнін түсіндірді. 

«80 пайыз деген статистиканы қайдан алдың?» – деп сұрап жатқандар бар. Тергеу органдары талдау, мінездеме жасайды. Солардан сұрау салып, алуға болады. Бұл – қоғамда бар факті. Қаржылық пирамида құрып, елді алдап жүргендердің көпшілігі діннің атын жамылып жүргендер. 

Негізі бұл мәселені мен «85 мың теңге күнкөріске жетпейді» деп шырылдап, мәселе көтергеннен бұрын айтқанмын. Сол кезде шыққан сұхбатты үзіп жұлып, «намаз оқитындардың 80 пайызы алаяқ...» деп қоғамға шоқ тастай салды. Мен ақталмаймын. Мені алдаған 10 адамның 8-і намаз оқиды», – деді Ринат Зайытов.     

Сұхбаттың толық нұсқасын видеодан көре аласыздар. Фото: Abay Live Youtube арнасының видеосынан скриншот