Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкасының құпиясын ашты. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллион істің құпиясы ашылды
481
оқылды

251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент Мұрағатына өткізілді. Кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.

265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі. 

311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапқа тартылғандар қатарынан ақталды.

Бұған дейін  ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін тарихына қатысты материалдар Орталыққа ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның арнаулы мұрағаттарынан берілетіні туралы жазған болатынбыз.