Астанада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай көлік қозғалысы шектеледі.
Астанада Ұлы Дала көшесіндегі көпірде бір ай көлік қозғалысы шектеледі
1,303
оқылды

Астана полиция департаментінің хабарлауынша, әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлы Дала даңғылындағы көпірдегі деформациялық тігістің негізін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Осыған байланысты 16 қыркүйек және 15 қазан аралығында жоғарыда аталған көпір арқылы автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көпірдің бір жағы бойынша қозғалыс екі бағытта да ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.