Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде ең көп тәртіп бұзған команда атанды. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
Қазақстан футбол құрамасы ең көп тәртіп бұзған команда атанды
2,586
оқылды

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) ресми сайты қыркүйек айындағы матчтар қорытындысы жариялап жатыр, онда ең көп ереже бұзған құрамалардың статистикасы да бар. Қазақстан құрамасы ең көп тәртіп бұзған команда атанды.

Магомед Адиев шәкірттері алты ойында 92 рет ереже бұзған. Қазақстандық футболшылар іріктеу кезеңінде 17 сары және бір қызыл қағаз алды.