Тоғыз жолдың торабындағы Сарыөзек ауылында ха­лық­қа түрлі қызмет түрлерін ұсынатын үлкенді-кішілі кәсіп­орын­дар қатары артып келеді.
Кәсібінен нәсібін тапқан Айжан
1,072
оқылды

Кейінгі жылдары тұрғындарының да са­ны көбейіп, қанатын кеңге жая түскен аудан орта­лы­ғын­да қо­лынан іс келетін жанға жұмыс табылады және мем­ле­кет тарапынан тиіс­ті қолдаулар да жасалады. Соның нә­ти­­жесі болар, шағын және ор­та кәсіпкерлік өркен жайып отыр. 

Сарыөзектік Айжан Артықбаева да кәсіпкерлікті таңдаған бір жыл­дан астам уақытта өмірден өзінің орнын тапқанын іс жүзінде дәлелдеді. Был­тырғы қыркүйекте «Кәрібаева» жеке кә­сіпорнын құрып, бірнеше жанды жұ­мысқа алып, ет, сүт, нан-тоқаш өнімдерін шы­ғара бастаған. Жыл ішінде өзінің тұ­рақты тұтынушыларын қалыптас­тыр­ды. Қазіргі кезде ауданды айтпағанда, Тал­дықорған мен Алматы қалаларынан да тапсырыстар қабылдап, табиғи тұр­ғы­да таза, сапалы әрі дәмді азық-түлік өнім­дерін күнделікті жөнелтіп жатады. 

Танымалдық пен жетістік қарадан қарап келмесі анық. Дәл қа­зір­гі­дей бәсекелі заманда бәйгеден келмесең, та­­­быстың ауылы да алыстап кетеді. Осын­­­дай сынағы мол шақта ерінбей ең­бек еткен, үнемі ізденісте болып, тұтыну­шы­­лардың талабынан шыққандардың ға­на айы оңынан туады. Айжан соны жақ­­сы түйсініп, қай салада жүрсе де, тек ал­дан көрінуді мақсат тұтқан және уақыт кө­шінен қалмауды жадына мықтап түй­ген жан. Мектепті де «Алтын белгіге» бі­­­тірді. Жүрегі қалаған оқуға да қиналмай түс­ті. Алматыдағы Қазақ Ұлттық уни­вер­­­ситетінің физика-математика фа­куль­тетін ойдағыдай аяқтады. Кейіннен бухгалтер мамандығын да меңгеріп ал­ды. Екі бірдей жоғары білімі бар. Со­ны­мен бірге азды-көпті тәжірибе де жи­нақ­тап үлгерді. 

– Менің түйгенім, адам өзінің сүйікті ісімен айналысқанда ғана жетістікке жетеді. Кез келген кәсіптің шыңына шы­ғу оңайға соқпайды. Бизнестің жолы тіп­тен қиын. Тез табыс табуды мақсат тұ­тып, асығыстыққа жол берсең ұты­ла­рың анық. Өзіңнің жаның қалаған өн­дірістің барысында пайда болатын жа­ғым­ды көңіл күй мен ынталылық, ай­на­лаңдағы адамдармен тіл табысып, қажет жерінде оларды демеп жіберу кәсіп­кер­лік­тегі алдан шығар қиындықтарды қи­нал­май жеңуге көмектеседі. Алға жыл­жыған жылдармен бірге біліктілігің арта түседі. Өнім сапалы әрі тұтынушы көңілінен шығатындай болуы үшін, өн­діріс үрдісіне жауапты мамандар өз ісінің ше­бері болуы керек. Кәсібіңді жақсы көру­мен бірге шыдамдылық пен кәсіп­қой­лықтың алар орны үлкен, – дейді Айжан. 

«Кәрібаева» кәсіпорны «Дастархан» тауарлық брендімен азық-түлік өнім­де­рін өндіреді. Тағамдарды дайындауға ар­­­налған шикізат «Нұрдәулет» шаруа қо­жалығынан жеткізіледі. Бұл шаруа­шы­лықта 100 бас мүйізді ірі қара, 500-600 бас ұсақ жандық және 300 тауық ба­ғып-қағылады. Ұнды да алыстан арба­ла­майды. 

Қазіргі кезде ауданда болып жатқан той-томалақтар мен астардағы дас­тар­хан­ға негізінен осы кәсіпорынның өнім­дері қойылады. Тапсырыстан кенделік жоқ. Тағамдар сиыр, қой және құс етінен дайын­далады. Кәсіпорынның мәнтілері, тұш­паралары мен котлеттері және тағы басқа тағамдары үлкен сұранысқа ие. Сүт­тен қаймақ, ірімшік, құрт дайындала­ды. Сонымен бірге түрлі бауырсақтар, то­­­қаштар мен тағы басқа да нан өнімдері пісіріледі. 

Кәсіпорында 6 адам жұмыс іс­тей­ді. Барлығы – жергілікті тұр­ғын­дар. Арнайы мамандықтары жоқ бол­­ға­нына қарамастан, жылдар бойы жи­нақ­тал­ған бай тәжірибе мен қалып­тас­қан еп­тіліктері арқасында өз істерінің ше­бе­рі атанған жандар. Біліктілігі жо­ғары ма­мандардың ақылы курстарына қат­а­сып, білгендерін жетілдіріп тұрады. Ет жә­не ет өнімдері өндірісі бойынша жо­ға­ры білімі бар технологпен тұрақты бай­ланыс орнатылған. Шығарылатын өнім­дердің түрлерін арттырып, сапасын ба­рынша жақсарту мақсатында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысуға өті­­­нім тапсырыпты. Егер ол қолдау тап­са, алдағы кезде тауарайналымын жақ­сар­тып, бәсекелестікке қабілетті ба­рын­ша арттыру қадамдары қолға алын­бақ. Сонымен бірге жастардың ауылда тұ­рақтап қалуына ықпал ету жолдары да қа­растырылмақ.

Болат АБАҒАН,

Жетісу облысы