Бүгін Парламент Мәжілісі қабырғасында «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия фракциясының отырысын өткізді. Жиынға партия Хатшысы Шолпан Каринова қатысып, балаларға қауіпсіз орта құру бағытындағы бастамаларға тоқталды.
Шолпан Каринова: Мемлекет қамқорлығын барлық бала бірдей сезіну қажет
696
оқылды

Партия Хатшысы девиантты мінез-құлықты, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, мұндай балақайлардың спортпен, шығармашылықпен және қосымша біліммен қамтылуына жағдай жасау қажет екенін айрықша атап өтті.

«Осындай қызмет түрлерін ұсынатын ұйымдарға балаларды проактивті түрде тіркей алу үшін мектептерге заңды құзырет беру керек. Бұл – аса маңызды мәселе. Себебі көп жағдайда ата-аналар балаларын дамыту орталықтарына, үйірмелер мен секцияларға өздері жаздырып, күнделікті қадағалайды. Ал әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары, қиын жағдайға тап болған балалар мұндай қамқорлықтан тыс қалып қойып жатады», – деді партия Хатшысы. 

Оның айтуынша, ұсынылған өзгеріс балалардың пайдалы іспен айналысып, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді.

«Қосымша білім беретін мекемелерді шұғыл түрде ашуға рұқсаттама тәртібін енгізіп, мемлекет тарапынан қадағалау керек. Сонымен қатар  қолданыстағы нормативтерде психологтердің штаттық бірліктер сынып-жинақтарына қарай бөлінеді: 6-сыныпқа дейін – 0,5 бірлік, 30-дан жоғары – 2 бірлік көзделген. Ал енді елімізде 40-тан астам сынып-жинақтары бар 1 200 астам мектеп қызмет етуде. Ірі мектептерге норма енгізу қажет», – деді партия Хатшысы.