"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ өткізу барысында екі полицей әкімшілік учаскені аралау кезінде Перинаталдық орталық ғимаратының жанында қолына пышақ ұстаған әйелді байқаған.
Семейде көшеде әйел айналасындағыларды пышақпен қорқытқан
461
оқылды

"Күдікті әйелдің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. 34 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізілді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, әйелден тәркіленген зат суық қару болып шықты",  – делінген полиция хабарламасында.

Қылмыстық кодекстің  287-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде.