Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Қайрат Боранбаев құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекетке қайтарды
1,156
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жүріп жатыр.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Сонымен қатар Қ.Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріледі, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылатын болады.