Елордалық прокуратура мемлекет грант түрінде бөлген ақшаны кері қайтарды, –деп хабарлайды ҚазАқпарат.
259 млн теңге грант алған компания түк бітірмеген – Прокуратура
783
оқылды

Мәселен, Ғылым қоры 2017-2019 жылдар аралығында «Flow System» ЖШС-нa ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыруға деп 259 млн теңге сомасында грант берген.

Алайда грант алушы Ғылым қоры алдындағы міндеттемесін орындамай, жобаны іске асырмаған.

Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз енгізді.

Нәтижесінде сот жауапкерден мемлекет пайдасына 259 млн теңге өндірді.