Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыға 32 млн теңге көлемінде еңбекақы берешегі өтелді.
Атырауда бірнеше компания жұмысшыларға жалақысын бермей келген
898
оқылды

Атырау облысында компаниялар жұмысшыларға еңбекақы мен зейнетақы төлемін аудармай келген.

Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданында жұмысшылардың құқығы бұзылған.

«Жылыой ауданының прокуратурасы жұмысшылардың еңбек құқығын бұзу дерегін анықтады. «Батыс Тех Инвест» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбекақыны төлемеу, сондай-ақ «ЖылыойСу» МКК мен Теңіз кен орнында «ИнтерТаско» ЖШС-нің жұмысшыларына зейнетақы және әлеуметтік аударымдары жасалмай келген. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшыға 32 млн теңге көлемінде еңбекақы берешегі өтелді. Ал, 744 жұмысшыға 48 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілді», -деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.