Астана әкімдігі өңірлер жәрмеңкесінің кестесін жариялады.
Өңірлердің Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі қай күндері өтетіні белгілі болды
3,721
оқылды

Елордада өңірлік тауар өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкелері жалғасады.

Астана әкімдігі өңірлер жәрмеңкесінің кестесін жариялады:

- 9-10 қыркүйек – Атырау және Жамбыл облыстары

- 16-17 қыркүйек – Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары

- 23-24 қыркүйек – Алматы және Жетісу облыстары

- 30 қыркүйек және 1 қазан Ақтөбе мен Қостанай облыстары

- 7-8 қазан – Павлодар және Абай облыстары

- 14-15 қазан – Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары

- 21-22 қазан – Қарағанды және Ұлытау облыстары

- 28-29 қазан – Ақмола облысы

Айта кетейік, биыл ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Шабыт» өнер университетінің алдындағы алаңда өтеді. Мекенжай: Тәуелсіздік даңғылы, 50.

Қазақстандық фермерлер өз өнімдерін нарықтағы бағасынан арзан ұсынатын болады.