«Қазгидромет» 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауады
1,355
оқылды

Атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады. Солтүстік, оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 

Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ күтіледі. 

Солтүстік пен күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман болады.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.