Ресейлік бұқаралық ақпарат құралында Таиландта жоғалып кеткен Қазақстан азаматының денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Осыған қатысты ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді.
Таиландта Қазақстан азаматының денесі табылды: ҚР СІМ түсініктемесі
587
оқылды

"1 қыркүйекте консулға Пхукет аралында теңіз жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және ол Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат келіп түсті. Екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін таи құтқарушылары 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты", – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Сондай-ақ марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жеткені, ертең денені тану рәсіміне қатысатыны да нақтыланады.