Депутаттар жұмысына қайта кірісті.
Су проблемасын шешу маңызды – Мәжіліс депутаты
420
оқылды

Парламент палаталарының бірлескен отырысына Мемлекет басшысы қатысты. Қазақстан халқына кезекті жолдауын жасады. Реформалардың ең басты мақсаты – халықтың әлеуетін арттыру, жақсарту. 

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Данабек Исабеков Президент талай жыл тамыр жайып, әр салада бір-бір қожайынға айналған монополистердің жауапкершілігін арттыруды тапсырғанын айтты. 

Депутаттың пікірінше, әсіресе, өңірлердегі монополист компаниялардың әрекеттеріне бақылау жасар уакыт жетті.

Одан соң, шетелдерге, көрші мемлекеттерге энергетикалық, тәуелсіздікке ұмтылудың өзектілігін баса айтты. АЭС салу мәселесін жалпы халықтық референдуммен шешім қабылдайды. Еліміз негізінен трансшекаралық өзендердің суына тәуелді. Биылғы жылғыдай қуаңшылық, пен су тапшылығынан алдын алу ұлттың қауіпсіздігімен пара-пар өткір мәселе.

Осы орайда 20 су қоймасын салып, 15 бөгенді реконструкциядан өткізуді тапсыруы стратегиялық тұрғыдан тарихи шешім. Өйткені, ауызсу уақыт өткен сайын дүниежүзінде ең өзекті проблемаға айналды.

Әрі осы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Су ресурстары жөніндегі министрліктің құрылғаны көзі қарақты жұрттың көкейінде жүрген жай еді.

Жолдауда инфрақұрылымды жетілдіру, ауылшаруашылығын колдау, цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қудалауды доғару сынды аса өзекті мәселелер кеңінен қамтылды.

Ендігі міндет – Жолдауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру.

Біз өз кезегімізде Мажіліс депутаттары ретінде осы сессияда міндеттерді іске асыруды заңнамалық, тұрғыдан қамтамасыз ететін боламыз», – деді депутат.