Бір ғана оқушысы қалған Атырау облысы Кенбай ауылындағы мектеп жабылды, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.
Еліміздегі бір ғана оқушысы бар мектеп жабылып тынды
6,434
оқылды

Еске салсақ, бір қабатты 37 жыл бұрын салынған мектеп ең шалғай Сағыз округінде, облыс орталығынан 128 шақырым жерде орналасқан Кеңбай ауылында орналасқан. Бұрын мұнда 6 мұғалім жұмыс істеп, 1 оқушы оқыса, ауылдың қалған балалары мектеп жасына әлі кішкентай.

- Өткен жылы 2 оқушы оқып шықты. Ал биыл бір оқушы қалғандықтан облыстық білім басқармасының шешімімен мектеп жабылды, - дейді Қызылқоға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайруз АНЖАНОВА. - Ол оқушы Кенбайдан 60 шақырым жердегі Жамансор ауылындағы бастауыш мектепте оқуын жалғастырады. Бос қалған мұғалімдерге Жамансордан және Сағыз ауылындағы мектептерден жұмыс ұсындық, бірақ олардың кейбірі қалаға кетуді жөн санапты. Мектептің жабылу құжатын толық рәсімдеген соң ғимаратын Сағыз округінің балансына бермекпіз

Бөлім басшысының айтуынша, биыл аудан бойынша 15 орта, 3 бастауыш мектепке 6354 оқушы барған. Ауданда күрделі күйде тұрған тағы бір мектеп Тасқұдық ауылында орналасқан. 20 балаға арналған мектепте 9 оқушы ғана оқиды. Есесіне Жамансор ауылындағы 60 балалық бастауыш мектепке оқушылар толық барған. Ауыл адамдарының сұранысына орай мұнда замануи талапқа сай 80 орындық негізгі мектептің құрылысын салу үшін сметалық құжаты жасақталып, сараптамадан өтуде.