Республиканың солтүстігінде күн қатты суытады, түнде ауа температурасы 5-10 болады.
31 тамыз – 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
7,491
оқылды
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр әлі де сақталады, –  деп хабарлайды «Қазгидромет».
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, бұршақ та түсуі мүмкін.
 
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр және ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанып отыр.
 
Әсіресе республиканың солтүстігінде күн қатты суытады, түнде ауа температурасы 5-10, күндіз 10-18 градус жылы болады.
 
Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы біртіндеп +25...+30 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.