Оқиға 28 тамызда сағат 12:20-да болған.
Алматыда жеңіл көлік аялдамада тұрған жеті адамды қағып кетті
962
оқылды

Алматыда автокөлік аялдамада тұрған адамдарды соғып, соның салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді.

 

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода айтылғандай, Mercedes жеңіл көлігінің жүргізушісі Абылай хан – Райымбек даңғылдарының қиылысындағы автобус аялдамасын қиратып, артынша 7 адамды жарақаттаған.

Аталған оқиғаға қатысты пікір білдірген ПД өкілдері оқиғаның 28 тамызда сағат 12:20-да болғанын айтты.

«Mercedes көлігін басқарған 36 жастағы жүргізуші Абылай хан даңғылы бойымен оңтүстік бағытқа қарай келе жатып, Райымбек даңғылына солға қарай бұрылған сәтте рөлге ие бола алмай қалып, аялдамаға келіп соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан аялдамада тұрған 7 адам қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді», – делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісін Алмалы ауданы ПБ қызметкерлері тіркеп, өндіріске қабылдады.