Елорданың қоғамдық көліктерінде жолақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізу кезінде барлық бағыттағы автобустарда валидаторлар ауыстырылады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана автобустарында жолақы  төлеудің жаңа тәсілі енгізіледі
7,192
оқылды

Олардың орналасуы өзгермейді – барлық есіктердің жанында, қазіргі қолданыстағыдай.

Енді QR-код және Transcard көлік картасы арқылы төлем түрлеріне қосымша NFC технологиясы және Bluetooth арнасы, екінші деңгейдегі банктердің картасымен төлеу мүмкіндігі болады.

Төлемдердің жаңа арналары бірте-бірте енгізіледі.

NFC арқылы төлем жасау үшін телефонды немесе смарт сағатты тікелей валидаторға тигізу керек болады. Валидатордың қауіпсіздігі дүкендердегі POS-терминалдардан еш айырмашылығы жоқ.

Bluetooth арнасымен төлеу Avtobys мобильді қосымшасы арқылы іске асырылады. Бұл виртуалды төлем әдісі мобильді қосымшадағы жеке шоттың балансынан ақы алу арқылы жүргізіледі. Avtobys мобильді қосымшасын App Store, Google Play, AppGallery жүктеп алуға болады.

Банк картасымен төлем Қазақстанның барлық екінші деңгейдегі банктерінің банк карталарымен жасалады.