Мемлекеттер басшылары Тәжікстан­ның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел ара­сындағы дипломатиялық қаты­нас­тар­дың 30 жылдығына орай ұйым­дас­тырылып отыр.
Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері ашылды
809
оқылды

Шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмо­­мали Рахмон «Астана Опера» театрында ұйым­дас­­тырылған Тәжікстанның халық шығармашы­лығы көрмесін аралап көрді. 

Экспозицияға тастан, ағаштан, қыштан және ба­ғалы металдардан жасалған 200-ден астам қо­л-ө­нер бұйымы, сондай-ақ дәстүрлі өрнектермен на­­­­қышталған ұлттық киімдер, белгілі тәжік сурет­ші­лерінің картиналары және Тәжікстанның кө­рік­ті жерлерінің фотосуреттері қойылған.

Содан кейін екі ел басшылары Тәжікстан өнер­паз­дарының концертін тамашалады. Көрер­мен­дер­ге тәжіктің «Зебо», «Гулрез», «Парасту» би ан­сам­бльдері, сондай-ақ Амирджон Рузи, Шарофат Усмонзода, Ситораи Кароматулло, Тахмина Ние­зова, Рахматулло Хошим, Фотимаи Худойберди жә­не тағы басқа әншілер өнер көрсетті.

Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күн­дері 23-26 тамыз аралығында өтеді. Шара аясында тәжік кинематографиясының жауһары саналатын «Рустам мен Сухроб» көркем фильмі көрсетілді.