Алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін 191 жолаушы түсірілген
Атыраулық жасөспірім ұшақ бортында темекі шеккен
475
оқылды
Алматы қаласы әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы атыраулық жасөспірімге ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салды.

Көліктегі полиция мәліметінше, Air Astana әуекомпаниясының "Атырау – Алматы" бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды.

"Ол - ұшу кезінде әуе кемесінің дәретханасында темекі тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны. Аталған құқық бұзушы заңды өкілдерінің қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1, 2-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды", – делінген хабарламада.