Тәжікстан президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келеді
912
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 25-26 тамыз күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар аясында жүргізілетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономика, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. 

Сонымен қатар екі ел басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін тамашалайды.