Оқиға Түркістан облысы Созақ ауданында болған.
Көршісінің телефонын ұрлап, онлайн несие рәсімдеген әйел ұсталды
570
оқылды

Көршісінің телефонын ұрлап, онлайн несие рәсімдеген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, егістікте жүрген кезінде Samsung маркалы телефонын белгісіз біреу ұрлап, ондағы банк қосымшасы арқылы 200 мың теңге онлайн несие алған.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі («Ұрлық») бойынша тіркелді.

Polisia.kz-тің дерегінше, полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол жәбірленушінің көршісі екені белгілі болды. 

Ол жәбірленуші көрші әйелмен егістік алқабында бірге болған. Күдікті әңгімелесіп тұрғанда оның қараусыз жатқан телефонын байқатпай ұрлап алған. Телефондағы банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп үлгерген. Ал жәбірленуші телефонының жоғалғанын үйіне келгенде бір-ақ білген.

Тәртіп сақшылары ұрланған телефонды тәркілеп, иесіне қайтарды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: akket.com