БҚО-дағы жолдардың сапасы сын көтермейтіні аз айтылып жүрген жоқ. Қазір жергілікті билік осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат тұтып отыр. Биыл аймақта жол салу, жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны – сөзімізге дәлел.
Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде
690
оқылды

Биыл облыс бойынша «Қуатты өңір­лер – ел дамуының драйвері» Ұлт­тық жобасы, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберін­де 79,9 млрд теңге қаржыға 617 ша­қы­рымнан астам жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Соның ішінде 150 шақырымдай республикалық жол, 335 шақырымнан астам жер­гі­лік­ті жол, 83 шақырым ауылішілік жол, 47 шақырымдай қалаішілік жол­дар жөнделеді деп жоспарланған. Бұл туралы БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қар­ма­сының басшысы Айдар Менеев айтты. 

Облыстық және аудандық жол­дар­ға арналып 55 жоба жасақталған. Жоба құны 26,6 млрд теңгені құ­рай­­ды. 

Басқарма басшысының сөзінше, құ­рылыс материалдарының қым­бат­тап кетуіне байланысты кейбір жо­балар, атап айтсақ, Барбастау – Ақ­жайық – Индер, Бөрлі – Ақсай – Жым­питы, Чапаево – Жаңақала – Сай­хын жол жөндеу жобалары қайта қарал­ған. 

– Бүгінгі таңда Барбастау – Ақ­жайық – Индер жобасы бойынша құ­рылыс материалдарының қым­бат­тауына байланысты түзету жұмыс­тары аяқталуға жақын. Қалған екеуі­не әлі де түзету жүргізілуде, алдағы екі апта ішінде аяқтау күтіліп отыр. Айта кету керек, бүгінде барлық қай­та жаңғырту нысандары бойынша жөн­деу жұмыстары толығымен қай­та жанданды, – деп атап өтті БҚО жо­лаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеев.

Қала көшелерін жөндеу жұмыс­тары биыл ерте басталды. Биыл 48 ша­қырымдай қала көшесін жөндеу жұ­мысы жоспарланған екен. Бұл ба­ғытта 26 жоба жұмыс істеп жатыр. Жоба құны 7,1 млрд теңгені құрайды. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы