Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында сағат 10.05-те 4,2 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияда тағы зілзала болды
559
оқылды

Табиғат апаттары және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) дерегінше, ошағы Кахраманмараш провинциясының Гексун ауданында орналасқан күші 4,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала 22,17 шақырым тереңде болған.

Биыл 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала (жергілікті уақытпен сағат 04.17-де 7,7 балл және сағат 13.24-те 7,6 балл) болғанын еске сала кетейік.

Жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 50 мың адамнан асты. Зілзала көршілес елдер – Сирия, Ливан, Солтүстік Кипр, грекиялық Кипр мен Иранда сезілді.