Қазіргі қоғамда отбасында түр­лі зорлық-зомбылық көріп, ба­лаларын бауырына қысып, үйі­нен безуге мәжбүр болған жан­дар аз емес. Әсіресе тағ­дыр­дың тепері­шіне ұшырап, көше кезгендер қа­тарында әйел­дердің үлесі басым.
Қамқорлықта» сан қилы тағдыр бар
550
оқылды

Көп жағ­дайда өмірдің сан-соқпақ жолын көріп, зорлыққа тап болу­дың негізгі себебі – отбасы­лық әлеу­меттік жағдайдың тө­мен­деуі­нен, күйеуінің жаман әдетке бой ал­дыруынан, ене мен келіннің ке­ліс­пеушілігінен туындайтынын өмір­дің өзі дәлелдеп отыр.

Қызылорда қаласындағы «Қам­қор­лық» дағдарыс орталығы тағдырдан таяқ жеген осындай шарасыз жандарға көмек көрсетеді. Орталыққа бара қалсаңыз жа­нарына мұң-қасірет ұялаған, жа­қы­ны­нан жылулық таппай далада қалған бұ­рым­дыларды көріп, жаның күйзеледі. Ба­рар жері, басар тауы болмаған соң жат жер­ден жайлылық іздеген адамдардың сан қилы тағдыры естіген жанды еріксіз тебірентеді.

Жалпы мұқтаж жандарға шара­патын ти­гізіп келе жатқан бұл дағдарыс орны 2017 жылы ашылып, жұ­мысын бастапты. Орталық Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, облыс­тық Жұмыспен қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқарма­сы­ның мемлекеттік әлеу­меттік тапсырысы шең­берінде қолға алын­ған. Оның ашылуына «Самұрық» ин­новациялық идея­ларды дамыту орта­лы­ғы» қоғамдық қорының үлесі зор.

Қорғансызға пана болған дағдарыс ор­нынан тағдыр теперішіне ұшыраған та­лай жан жылулық тауып, өмірінің жаңа қырынан қайта қалыптасуына мүм­кіндік алып келеді. Бұл орталыққа об­лыс аумағынан өзге, көршілес Өзбек­стан мемлекетінен де көмек сұрап келе­тін­дер қарасы аз емес.

– Жалпы орталықтың қызметін үй­лес­тіріп келе жатқанымызға биыл 6 жыл бо­лады. Орталық тұрмыстық зорлық-зом­былық құрбандарына әлеуметтік қыз­мет көрсетумен айналысады. Бұл дағ­дарыс орны 40 орынға негізделген. Тәу­лік бойы үзіліссіз жұмыс істейтін біз­дің мекемеге кез келген уақытта зор­лық көрген жандар келе алады. Әрдайым біздің мамандар жапа шеккен жандарға көмек көрсетуге дайын. Негізінен, бізге ке­летін әйел адамдардың көпшілігі 5 жыл көлемінде тұрмыс құрған жандар. Әр­қайсысының екі-үш баласы бар. Сон­дай-ақ екінші санатты 6-10 жыл ара­лы­ғында отбасын құрған нәзікжандылары­мыз құрайды. Үшінші санат бойынша 15-20 жыл көлемінде отбасылық өмірдің ыстығы мен суығын көрген аналарымыз жиі келеді. Көп жағдайда жәбірленушілер күш көрсету және психологиялық қы­сым бойынша шағымданады. Бұған қо­са, еркінен тыс жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша зәбір көргендер де кездеседі, – дейді дағдарыс орталығының директоры Жандос Түсмағанбетов. 

Жәбірленуші орталыққа өз өтіні­ші бойынша келіп, әлеуметтік көмек ала алады. Сондай-ақ зорлық-зом­былық құрбаны полицияға шағым­дану арқылы өміріне қауіп төніп тұрғаны дәлелденсе, заң органының арнайы шешімі негізінде қабылданады. Орталық директорының айтуынша, екі тарап бір мәмілеге келсе, қайта татуластыруға мүм­кіндік беріледі. Егер де шыныменен жәбірленушінің өміріне зор қауіп төніп тұрса, полиция тарапынан тиісті шара­лар жүргізіледі. Алайда көп жағдайда от­басының ойрандалмай, тұтастығын сақ­­тау бағытында жұмыстар жүргізіле­ті­нін алға тартты.

– Орталық көмегіне кәмелет жасына тол­маған жасөспірімдер мен қариялар да жүгініп жатады. Бұған дейін бала­сы­нан зәбір көрген 80 жастағы кейуанаға дағ­дарыс орнының мамандары әлеумет­тік және психологиялық кеңес берді. Қа­зір тағы бір 75 жастағы кейуана орта­лық­қа жеткізіліп, тиісті көмек алуда. Ал­ға­шында әже өзінің қызынан қысым көр­генім айтып, шағымданып келді. Ай­­туынша, қызы үйін кепілге қою ар­қылы несие рәсімдепті. Даудың негізгі се­бебі осыдан бастау алады. Уақыт өте ке­ле қызы қарт анасына қысым жасап, түр­лі қитұрқылыққа жол берген. Отба­сын­да күнде ұрыс-жанжал болып, қария пси­хологиялық күйзеліске тап болыпты. Нәтижесінде, денсаулығы сыр беріп, біз­дің орталыққа жеткізілді. Өйткені оны қарттар үйіне орналастыруға заң тұр­ғысынан мүмкін болмады. Жәбір көр­ген кейуанамен тиісті мамандар жұ­мыс жүргізді. Бүгінде қызы да қателігін тү­сініп, татуластыру шаралары қолға алын­ды. Дәл қазір әжеміз отбасы мү­ше­л­ерімен байланыс орнату мақсатында үйіне уақытша жіберілді. Алдағы уақытта өз отбасына оралады деген үмітіміз зор, – деп ойын сабақтады орталық директоры.

Орталық басшысы көп жағдайда жаңа­дан отау құрған отба­сы­лар­да бір-бірін түсінбеушілік, зорлық-зом­бы­лық сипатындағы жағдайлар өршіп тұр­ғанын мәлімдеді. Осы күнге дейін сон­дай 200-ге жуық адам дағдарыс ор­ны­ның көмегіне жүгінген. Нақты айт­қан­да, 63 отбасы, 135 балаға көмек көр­­сетілген. Оның ішінде тағдыр тауқыметін тартқан нә­­зікжандылардың 92 пайызы орталық­тың көмегімен өз отбасына қайта ора­лыпты.

Орталықты паналаушылар 6 ай бойына 8 түрлі мемлекеттік әлеу­меттік көмек алады. Соның ішінде үш уақыт ыстық тамақпен және ме­ди­ци­налық көмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғыда соққыға жығылып, түрлі жа­рақатпен келетіндерге алғашқы жедел жәрдем көмегі көрсетіледі. Бұған қоса, төсек-жабдықпен, жуынатын орынмен, психологиялық кеңеспен қамтамасыз етіледі. Егер де белгіленген мерзімде мә­селесі шешілмесе, құзырлы орындар ар­қылы қосымша тағы 6 ай жатуға мүм­кіндік қарастырылады. Бір сөзбен айт­қанда, орталықты паналағандарға үй жағ­дайында тұрмыс кешуге барлық жағ­дай жасалған. Сондай-ақ әрбір жә­бір­ленушінің жеке басына қатысты ақ­парат құпия сақталады. 

Осы орталықты паналаушы жаннның бірі аты-жөнін құпия сақтауды өтінген ке­ліншек алдамшы сезімнің құрбаны бол­ғанын алға тартады. Өзінің жастық­тың желігімен ойнап жүріп от басқанын кеш түсініпті. Сүйдім-күйдім деген жігіті ая­ғы ауыр екенін білген тұста өз жөнімен кеткен. Амалы таусылған қыз осы орта­лықты паналауға мәжбүр болыпты. 

Тағдырдың ауыр соққысын алған ол бұл жерді паналағанына 6 айға жуық­тағанын айтады. Орталыққа алғаш келгенінде жаңа туған шақалағы да бүгінде алты айды толтырып, өсіп келеді. Осы уақыт аралығында түрлі медици­на­лық, психологиялық көмек алған жас ана өз болашағын жарқын елестетеді. Ал­ға қойған жоспары ауқымды, мақсаты ай­қын. Ендігі кезекте баласының бола­ш­ағы үшін жаңа өмір бастауға бекініп отыр.

Ал зорлық-зомбылықтың құрбаны болған тағы бір келіншек орталыққа жуыр­да ғана түсіпті. Өзінің айтуынша, та­нысы пәтерге күштеп кіргізуге бекініп, жа­ман ойын іске асыруға әрекет жасай­ды. Келіншек пәтерге кіруге келіспей, қар­сылық танытады. Ақыр соңында мұ­ны соққыға жығып, осы орталыққа келу­ге мәжбүр болады.

– Бойымда әлі күнге дейін қорқыныш се­зімі бар. Түнімен шошынып, ұйықтай ал­маймын. Орталық мамандары тиісті жұ­мыстарын жасап жатыр. Медицина­лық көмек те көрсетілді. Қазір алғаш келген күнге қарағанда әлдеқайда жақ­сарып келемін. Дағдарыс орталы­ғы­ның жұмысына шексіз ризамын. Қатар­лас қыздарға, құрбы-құрдастарыма ал­дам­шы сезімнің жетегіне еріп, жапа ше­гіп қал­мауға кеңес беремін, – дейді жә­­­бір­лену­ші.

Дағдарыс орталығынан осы секілді сан қилы тағдыр иелерін кезіктіресіз. Олар­­дың әрбірі біліп те, білмей де жаса­ған қателіктері үшін өкінетінін алға тар­та­ды. Ең бастысы, орталықтың көме­гі­не жүгінген әрбір жанның бойынан өт­кен күндерден сабақ алып, жаңа өмір бас­тауға деген құлшынысы байқалады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы

© коллаж: Елдар ҚАБА