Мемлекет басшысы «Қа­­зақфильм» АҚ төра­ға­сы Азамат Сатыбалдыны қабыл­дады.
Киностудия статусын көтеру қажет
794
оқылды

Кездесуде отандық кине­ма­тографияны және жал­пы мәде­ниет саласын дамыту мәселелері тал­қы­ланды.

Азамат Сатыбалды Прези­дент­ке «Қазақфильм» қыз­метін­дегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, ки­ностудияның ста­ту­сын көтеруге қатысты ұсы­ныс­­та­рын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қа­зақ­фильмде» зама­нын­да отан­ды­қ кино өнерінің бір шоғыр көр­некті өкіл­дері еңбек еткенін атап өтті.

Президент кәсіби кино­гер­лермен қатар ұлттық ин­тел­ли­ген­ция, азаматтық қоғам өкіл­дерінің, аға буын мен жастардың шы­ғармашылық әлеуетін жұ­мыл­­дыра отырып, аталған сала­ның қордаланған проб­лема­ла­рын кешенді әрі дәйекті түрде ше­шу маңыз­ды екеніне назар ау­дарды. Мемлекет басшы­сы­-ның пікірінше, кино өндірісін креативті индус­т­рия­ның жеке сек­торы ретінде қарастыру ке­­рек.

Президент отандық ки­нема­тог­ра­фия­ны одан әрі дамыту мә­селесі айрықша бақы­лауда бо­латынын айтты.