Мемлекет басшысы Ұлт­тық ғылым акаде­мия­сы­ның ви­це-президенті Асқар Жұ­ма­ділдаевты қабылдады.
Отандық ғылымды өркендету маңызды
637
оқылды

Кездесу барысында Асқар Жұ­маділдаев Ұлттық ғылым ака­демиясының соңғы үш айда ат­қарған жұмыстары туралы баян­дап, отандық ғылымды дамытуға қа­тысты ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар академик қа­зақ тілін латын графикасына кө­шіру жөнінде ой-пікірін біл­дір­ді.

Мемлекет басшысы ғалым­ның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және Үкі­мет­ке тиісті тапсырма берілетінін айт­ты.

Президенттің пікірінше, ғы­лыми-академиялық қоғамдастық елі­мізде жаратылыстану, ин­же­нерлік-технологиялық бағыт­та­ғы іргелі ғылыми орталықтардың пай­да болуына, зерттеу жұмыс­та­рын жетілдіруге, еліміздің әлеу­меттік-экономикалық да­муы­на қа­тысты ғылымға негіз­дел­ген ұсы­нымдар беруге ұйыт­қы болуға тиіс.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұ­маділдаевтың қоғамдағы абы­рой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым акаде­мия­сындағы жауапты жұмысына та­быс тіледі.