Күдіктіге қатысты төрт эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
БҚО полицейлері «гастролер» алаяқты құрықтады
436
оқылды

БҚО полицейлері «гастролер» алаяқты Қызылордада қолға түсірді, – деп хабарлады Polisia.kz.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 16 тамызда Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда қаласы аумағында жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған 37 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Ол 11-14 тамыз аралығында Орал қаласының аумағында өзін су арнасының қызметшісі ретінде таныстырып, егде адамдардың үйіне кіріп, ақшаларын ұрлаумен айналысқан. Шығын 900 мың теңгеден астам қаражатты құраған.

Қазіргі уақытта күдікті Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жақын арада Орал қаласына жеткізіледі.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) төрт эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.