Декларация 12 тармақтан тұрады.
Декларация тапсырмаған азаматтарға қандай жаза қолданылады?
1,090
оқылды

Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары декларация өткізбеген жеке тұлғаларға қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

«Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 272-бабы  1-тармағына сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау алдын ала ескертуге әкеп соғады. 1 жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 15 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жалпыға бірдей декларациялау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жеке тұлғалар 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан кеңес ала алады»,– деді Қанат Балтабеков Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Декларация 12 тармақтан тұрады. Декларацияны 15 қыркүйекке дейін «салық төлеушінің кабинеті» cabinet.salyk.kz, «электронды  үкімет» порталы немесе esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде өткізуге болады. Ал қағаз үлгіде 15 шілдеге дейін ғана қабылданады.

 

Фото: gov.kz