Видеода күш көрсету көріністері бар.
Теміртаулық тұрғыннан 2 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды (видео)
556
оқылды

Теміртау қаласының тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды,  деп хабарлады Рolisia.kz.

«Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол әлдебір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру  шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына ("Бопсалау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,  делінген мәліметте.

 

Сурет видеодағы кадрдан алынды