Үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервисте» тегін чиптеуге болады.
Елорда тұрғындары үй жануарларын тегін чиптеп, тіркей алады
569
оқылды

Астаналықтар 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін иттері мен мысықтарын тегін чиптеп, жануарларды есепке алуға арналған tanba ақпараттық жүйесінде тіркей алады, - деп хабарлады Астана әкімдігінің сайты.

Елордалықтар үй жануарларын жаздың соңына дейін «Астана ветсервисте» тегін чиптей алады. Мекенжайы: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы), тел.+7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзілік: 13.00-14.00), сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Тіркеуден өту үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет.

Астана тұрғындары үй жануарларын ветеринария клиникаларында ақылы негізде де тіркей алады.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына сәйкес, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.

 

Фото: shutterstock.com