Халықаралық жастар күніне орай, AMANAT партиясының «Жас­тар Рухы» Жастар қанатының Қарағанды облыстық фи­лиа­­лының ұйымдастыруымен волонтерлік ұйымдар арасында 100-ден астам жастың қатысуымен шағын футболдан турнир өтті.
Еріктілер жарыс жолында
497
оқылды

18 команда қатысқан додада Те­мір­тау, Шахтинск, Саран қалалары­ның және Абай ауданының команда­лары да болды. 

Салауатты өмір салтын қалып­тас­тыру, спортпен шұғылдану – дені­міз­дің сау болуының басты  кепілі. Фут­­бол ұжымдық ойын болғандықтан, коман­да мүшелерінің, ерікті, енбек­қор жастардың бір-бірімен ауызбір­ші­лігін көрсетті. 

Тартысты өткен жарыста 1-орын­ды «Исландия» командасы алса, 2-орын­ды «Мы из Шахтинска» ко­ман­дасы еншіледі. Ал 3 орын  – Team Ahiwki командасында. 

Ұйымдастырушылар үздік ойын көр­сеткен Руслан Бекбаев мен Эльдар Мах­мадовқа арнайы жүлде табыс­тады.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ