Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрлан Мәсімовке сот үкімі шықты
698
оқылды

Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленеді.

Бұған дейін прокурор Нұрлан Мәсімовті Қылмыстық кодекстің 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, 13 жылға соттауды сұраған еді. 

Сондай-ақ прокурор сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және «Айбын» екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады.

Айта кетейік,  Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Фото: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі