Қазір жағдай толық бақылауда.
Алматыда нөсер жаңбыр салдарынан 2 ауданды су басты
4,988
оқылды

Алматы қаласында жауын-шашын салдарынан Алмалы және Наурызбай аудандарының аумағын су басты.

Әкімдіктің мәліметінше, аталған екі аудандағы су басу дерегі шұғыл түрде жойылды. 

«Алмалы ауданына тиісті учаскеде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстары мен жиектастарда жаңбыр суын арық желісіне жіберетін саңылаулардың уақытша болмауына байланысты қысқамерзімді су басу дерегі анықталды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жиектастарда саңылаулар жасалады. Наурызбай ауданының әкімдігі «Алма сити» тұрғын үй кешенінде су басу дерегін жою бойынша жедел жұмыс жүргізді. Сағат 18:50-де «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы мен қызмет көрсететін компанияның күшімен су басу дерегі жойылды. Қазір көше желілеріне қосу арқылы ТК аумағынан су бұру мәселесі пысықталып жатыр», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметі бойынша, тау өзендері бойынша жағдай тұрақты. Су басу дерегі анықталған учаскелерде аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.